Түркістан облысының кейбір мамандандырылған мектептерге құжаттар қабылдау басталды.
| Мектеп | Сынып | Оқыту тілі | 
| 
			 Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты  | 
			7 | орысша | 
| 
			 Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын №12 мамандандырылған мектеп - интернаты  | 
			5 | қазақша | 
Құжаттар 13 тамызға дейін қабылданады. Ал конкурстық іріктеу 15-16 тамыз аралығында өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:
- 
	
ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
 - 
	
ЖСН нөмірі бар, өтініш берушінің туу туралы куәлігінің / жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (бар болса);
 - 
	
өтініш берушінің мектептегі үлгерімін растайтын табелі (директордың мөрімен расталған), тиісті білім беру ұйымдарының (бар болған жағдайда) мөрімен куәландырылған дипломдардың, мақтау қағаздары мен сертификаттардың көшірмелері;
 - 
	
3х4 көлеміндегі үміткердің фотосуреті – 2 дана.
 
Өтінім беру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.
Фото: ашық көздерден